Тұмау вирусы хакер секілді әрекет етеді: жасуша жүйесінің ішін бұзады
Тұмау вирусы хакер секілді әрекет етеді: жасуша жүйесінің ішін бұзады
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл жаңалық өз кезегінде вирусқа қарсы тиімді ем-домға жол ашады. Бұл жайында islam.kz порталы Nucleic Acids Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гётеборг университетінің зерттеушілері тұмау вирусының өз таралу жылдамдығын жеделдету үшін организм гендерін реттеу жүйесін манипуляциялайтынын анықтады. А тұмауы вирусы бұрын белгісіз болып келген стратегияны гендік белсенділікті реттеу тетігі - РНК-интерференцияға арналған AGO2 пайдалана отырып іске асырады. Әдетте бұл ақуыз жасуша ядросынан тыс аймақта әрекет етеді, есесіне вирус жұқтырғанда оны ядроға көшіреді, онда ол иммундық жүйенің жұмысы үшін өте маңызды гендерді ажыратады.

Вирус дабылды өшіреді

Бірінші кезекте бұл I типті интерферондарға қатысты -вирус  жұққан жасушалардың көрші, сау жасушаларға ескертетін және ағзаны қорғауды күшейтетін дабыл жүйесі турасында сөз болып отыр бұл арада. «Ең таңғажайып нәрсе: вирус РНК-интерференция сияқты іргелі және қатаң реттелетін жүйені басып ала алады, тіпті, оны ядроның ішінде қолданадыі», - деп таң қалды Гётеборг университетіне қарасты Салгрен академиясының жасушалық және молекулалық биология кафедрасының доценті Айша Саршад. Бұл тараптағы тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей, AGO2 p53 ісік супрессорынан кейін ядроға барады, ағзаның дабыл сигналдарын реттейтін гендермен байланысады және оларды өшіреді.

Вирусқа қарсы жаңа ем-дом

Ғалымдар, сондай-ақ, вирустың манипуляциялау қабілетін тоқтатын жолдарды іқздестіріп көрді. Осы мақсатта олар қанның қатерлі ісігінің бір түрін емдеу үшін ғалымдар тарапынан мақұлданған дәріні - мышьяк триоксидін пайдаланды. Жасуша өсірінділерде де, тышқандарда да дәрі-дәрмек интерферондардың өндірілуін арттырып, өкпедегі вирустың санын азайтты. Бұл жаңалық тек тұмаудың ғана емес, басқа да РНК-вирустардың вирустық инфекцияларын бәсеңдету үшін организмнің РНК-интерференция жүйесіне әсер ету мүмкіндігін көрсетеді. "Енді біз осындай тетіктің инфекциялардың басқа түрлерінде бар-жоғын анықтау үшін зерттеуді жалғастырғымыз келеді. Бұл вирусқа қарсы терапияның мүлдем жаңа түріне жол ашады, онда біз вирусқа ғана емес, оның өз жасушаларымызды қалай пайдаланатынымызға да әсер етеміз", - деп қорытындылады Айша Саршад

Ұқсас материал:

Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)

0 пікір
Мұрағат