Тұлға: жапон зейнеткері ислам жайында дәріс оқып жүр
Тұлға: жапон зейнеткері ислам жайында дәріс оқып жүр
10 жыл бұрын 3302

Дәстүріне берік, самурайлық рухта тәрбиеленген, оның үстіне, наным-сенімі өзге жапон халқының арасында исламды насихаттау – тарихты жаңа парақпен бастау секілді аса қиын ұлағатты іс. Мұндай ортада қатардағы мұсылманнан тұлғаға айналудың қаншалықты күш-жігерді қажет ететіні айтпаса да түсінікті. Былайша тақыр жерден гүл өсірумен бірдей қарекет. Бәрі Алланың қалауымен.

79 жастағы Мимасака Хигучи – Күншығыс еліндегі мұсылман жамағатының «бет-бейнесі» десе де болады. Ол зейнетке шықса да, бос уақыты жоқ – ислам жайында дәріс оқып, адамдардың ақиқатқа көзін ашу үшін тер жатпай-тұрмай тер төгіп жүр. Бұл жайында "The Asahi Shimbun» ақпарат көзі хабар таратты. Қарияның хақ жолға түсуінің өзі бір жыр. Жоғары оқу орнынан кеткеннен кейін ол Мысырда білімін жетілдіруге бел байлайды. Алайда, кедергіге тап болады. Пирамидалар елі бюджеттік бағдарлама бойынша тек мұсылмандарды қабылдайтынын айтып, оны қабылдаудан бас тартады. Үйінде ас ішіп, аяқ босатып, уақытын босқа өткізуге арланған ол өміріне түбегейлі өзгеріс енгізген қадамға барады: ол ислам дінін қабылдайды. Ішімдік пен доңыз етінен бас бас тарту, күніне бес уақыт намаз оқу алғашқыда оған ауыр соғады. Әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетінде жүріп, уақыт өте келе нәпсісін тізгіндеп, қиындықтарды еңсере білді. Өміріндегі бетбұрыс-белестердің хикметке толы екенін, өмірдің мәнін түсініп-түйсінеді. Өзге де мұсылман елдерінде болып, исламды жете тани түседі. Ол ұзақ уақыт бойы Жапониядағы мұсылмандарға жетекшілік етіп келді. Ислам діні мен мұсылман жамағаты жайында қалыптасқан жаңсақ ұғымдарға тойтарыс беріп, дәріс оқыды.

0 пікір
Мұрағат