Трамп мұсылмандар "есебінен" еврейлердің ежелгі арманын орындайтын болды
Трамп мұсылмандар "есебінен" еврейлердің ежелгі арманын орындайтын болды
8 жыл бұрын 6682

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті, Ақ үйдің ендігі қожайыны Дональд Трамп бұрынғы президенттердің батылы бармаған іске бел буды: Израилдегі АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдысқа көшірмекші. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер осындай мәлімдеме жасады. Дональд Трамптың бұл қадамы әрбірден соң Құдысты мұсылмандардың емес, еврейлердің меншігі деп танумен әрекет екенін бірдей әрекет. Осылайша, Дональд Трамп кімге бүйрегі бұратынын көрсетіп алды. Бұл жайында "Reuters" ақпарат ресурсы хабар таратты. Осы тақырыпты Дональд Трамп Израиль премьер-министрі  Беньямин Нетаньяхмен телефон арқылы талқыламақшы. Әлбетте, саясатта достық болмайды, десе де Дональд Трамп осы әрекетімен аталған аймақтағы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберетінін қаперіне алмайтын сияқты. Естеріңізге сала кетейік, 1967 жылы Израиль Құдыстың шығыс бөлігін басып алған болатын. 

0 пікір
Мұрағат