Террормен күресте шұғыл әрекет ететін әскери күш құрылуы мүмкін
Террормен күресте шұғыл әрекет ететін әскери күш құрылуы мүмкін
10 жыл бұрын 3849

Өткен аптада Мысыр астанасында өткен Араб мемлекеттері лигасына мүше елдердің сыртқы істер министрлері дейңгейінде өткен мәжілісте терроризммен күресуде шұғыл әрекет ететін әскери күш құру туралы мәселе қаралды. ANSAmed ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, «Бірігіп қорғану және экономикалық ынтымақтастық туралы» келісім-шартқа байланысты алдағы уақытта аталмыш лигаға мүше елдердің біріккен әскери күштері пайда болуы мүмкін. Осынау ұйымға мүше елдер аумағында пайда болған қарулы қақтығысты басу үшін құрылатын әскери күштің алғышарттары мен заңдық негізін әзірленуі керектігі де айтылмай қалмады. «Бірігіп қорғану және экономикалық ынтымақтастық туралы» келісім-шартына 1950 жылдың маусым айының 17-і күні жеті ел қол қойған болатын. Аталмыш құжаттың талаптарына сәйкес Араб мемлекеттері лигасы аясында арабтардың төрт бірдей ұжымдық қауіпсіздік органы құрылған еді. Бұл органдар өз кезегінде келісім-шартқа қол қойған мемлекеттерге қарсы кез келген агрессияға тойтарыс береді. 

0 пікір
Мұрағат