|
Текті сөздің төресі - терме 2014 (фоторепортаж)
|
7-қараша күні Астана қаласындағы "Конгресс холл" сарайында "Текті сөздің төресі - терме" атты республикалық термешілер байқауы болып өтті. Әр облыстың жыр дүлдүлдері қатысқан айтулы шараға 26 жыршы-термеші қатысты. Суырылып алғашқы ондықтың қатарынан табылған Астаналық Елмұра Жаңабергенова бас жүлдені (жеңіл автокөлік) иеленсе, Батыс Қазақстан облысынан келген Армат Исламғалиев 1-орынды (1 000 000) еншіледі. Ал, Қызылорда облысынан Серік Жақсығұлов 2-орынға (750 000), үшінші орынға Алматы облысынан Ерболат Шалдыбеков (500 000) лайық деп танылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті аталған жобаны бұдан да жоғары деңгейде жыл сайын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді









