Тас орман (фото+видео)
Тас орман (фото+видео)
7 жыл бұрын 7005 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда, дәлірегі, Юньнань провинциясында 350 шаршы шақырымды алып жатқан өзгеше орман бар. Әктен қалыптасқан бұл ортаны жергілікті тұрғындар "тас орман" атап кеткен. Оның жекелеген бөліктері 2007 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген. Аталған тас орман аумағының үлкендігі соншалықты, Мальта шағын мемлекетінің жер көлеміндей болады немесе екі Лихтенштейндей аумақты алып жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл орманнан бөлек әлемде осыған ұқсас тағы бір ерекше орын бар: Мадагаскардағы Цинжи-лю-Бемарх тас орманы. Оның аумағы бұл тас орманнан бес есе үлкен. Бүгінде Шилинь тас орманы Қытайдың туристер көп баратын орындардың бірі. Шилиннің аумағын шартты түрде жеті ауданға бөлген. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Атап айтқанда, Лижинг орманы, Наигу орманы, Ұзын көл, Айлы көл, Чжиюн үңгірі, Цифенг үңгірі, Дади сарқырамасы. Аталған аумақты өзгешелігіне байланысты зерттеу жүргізілгенде нәтижесінен белгілі болғандай, шамамен 270 млн жыл бұрын бұл жер теңіздің орны болған. Аптап ыстықты климаттың әсерінен теніз табаны құрғап, осындай жер қыртысының техтоникалық қозғалысынан пайда болған. 

 

 

 

 

0 пікір
Мұрағат