|
Тарихта тұңғыш рет: қасиетті Қағбаны тәу ету уақытша тоқтады (видео)
|
Жөндеу жұмыстарына байланысты емес, қарақұрым халықтың көптігінен - қажылар қарасының көптігі мен қатарының қалыңдығынан қозғалыс тоқтап қалды, яғни, тарихта тұңғыш рет осындай себеппен қасиетті Қағбаны тәу ету мүмкін болмай қалған. Айта кетейік, Қағба Қағба болғалы тарихына зер салсаңыз, ұдайы кеңейтіліп, жөндеуден өткізіліп келеді екен. Қазіргі уақытта ортасында қасиетті Қағба тұрған Харам мешітінің аумағы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тұсындағы қаланың аумағы болатын. Содан бері қаншалықты кеңейгенін осыдан-ақ байқай беріңіз. Соңғы жылдары Рамазан айында және қажылық маусымында қажылық парызын өтеушілер қарасы 3 млн адамға дейін жетіп жүр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс