|
Священник мешіт құрылысына миллиондаған қаржы аударды
|
Нигерияның Кросс-Ривер штатындағы Калабар қаласының священнигі орталық мешіт құрылысы үшін өз қалтасынан 1 млн нигериялық найрды аударған. Осындай қайырымды ісімен жергілікті жамағаттың алғысын алып, ризашылығына бөленген пастор Эссьен Айи, сондай-ақ, парламент депутаты да. Ол мұндай қадамға наным-сеніміне қарамай барлық нигерия азаматтары бір-біріне бауыр болғандықтан барғанын жеткізді. Бұл жайында Premium Times ақпарат көзі хабар таратты. Сонымен қатар, жергілікті мұсылмандардың өзінің сайлаушылары екенін де ұмытпайтынын алға тартты. Пастор мұнымен ғана шектеліп қалмай екі жетім балалар үйіне және қарттар үйіне қаржы аударып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды