Сұлтанат туризмді дамытуға қыруар қаржы құяды
Сұлтанат туризмді дамытуға қыруар қаржы құяды
10 ай бұрын 739 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Енді бірер жылдан соң, дәлірегі, 2040 жылға қарай Оман сұлтанатының билігі елдің туризм саласын дамытуға 31 млрд доллар инвестиция құяды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде мұра және туризм министрінің орынбасары Азан Қасым әл Бусайыдқа жөн сілтеген Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің айтуынша, Оман 2023 жылы 4 млн шетелдік туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 2,9 млн адамды құраған болатын. Осылайша аталған араб еліндегі туристер қарасы 38%-ға дейін артқан. Соның ішінде туризм саласы өркен жаятын ортаны қалыптастыруға ден қояды. Бұл бағытта қабылданған шараларға визалық талаптар мен визаларды рәсімдеу процесін жеңілдету, сондай-ақ, инфрақұрылым мен туристер баратын жаңа орындарға инвестицияны арттыру кіреді. Қазіргі уақытта билік туризмді дамытудың 360 жобасына 5,9 миллиард доллардан астам инвестиция салған.

0 пікір
Мұрағат