Судан бүлінбейтін, жыртылмайтын Құран басылып шықты
Судан бүлінбейтін, жыртылмайтын Құран басылып шықты
9 жыл бұрын 3356

Дубай қаласында өткен Paperworld Middle East халықаралық көрмесіне қойылған қасиетті Құран былайша айтқанда «тас қамаздан» жасалған. Яғни, «болашақ қағазы» атанып кеткен бұл қағаз полимермен желімделген кальци карбонатынан жасалған. Ол судан бүлінбейді, жыртылмайды, жұмарланбайды, т.б. Бұған қоса, қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Яғни, қағаз үшін орман-тоғайды отаудың қажеті жоқ. «Әлемде бүгінгі таңда сандық технология өркендеп келе жатқанымен әлі де ақпаратты қағазда сақтау, тарату, т.б. кеңінен пайдалануда. Ол ол ма, өткен ғасыр дегенімізбен көп уақыт өте қоймаған 1980-ші жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта адамзат қағазды үш есе көп пайдаланады. Ол өз кезегінде қоршаған ортаға орасан зиянын тигізуде. «Тас қағаздан» жасалған Құран жоғарғы технологиялық және экологиялық ерекшілігімен назар аудартады. Ол кальци карбонатынан немесе бордан жасалады. Біз оны опа-далап секілді әбден ұнтақтаймыз, содан кейін оны мықты әрі улы емес полиэтиленмен біріктіреміз де қағаз жасаймыз»,- деді аталмыш компания директоры Parax Джон Занджани.

0 пікір
Мұрағат