Стамбұлда күллі Түркия мен Еуропада шиғалардың аса ірі мешіті ашылды (фото)
Стамбұлда күллі Түркия мен Еуропада шиғалардың аса ірі мешіті ашылды (фото)
20 күн бұрын 790 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: TheChamp-Sharing

Стамбұл шаһарында шиғалардың күллі Түркия мен Еуропадағы аса ірі мешіті ашылды. Оның ашылу салтанатына жергілікті және шетелдік діни қайраткерлер мен саясаткерлер қатысты. Бұл жайында islam.kz порталы HyeTert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен ғасырдың өзінде, дәлірегі, 1978 жылы Стмабұл мегаполисінде, Қалқалыдағы Күшікекмеш ауданында Ыдғырдан қоныс аударған шиға қауымының өкілдері 40 адамға шақталған Зейнеп мешітін ашқан болатын. Алайда, 1999 жылғы жойқын зілзаладан опырылған мешіт сүрілген еді. Тек 2009 жылы жаңа мешіттің алғашқы іргетасы қаланды. Оның құрлысына Түркияның қоршаған орта, урбанизация және климат өзгерісі министрлігі мен бірқатар муниципалитет қолдау көрсетті. Жалпы аумағы 72 мың шаршы метрді алып жатқан мешітте бір мезгілде 7000 адам намаз оқи алады. 72 мың шаршы метр –шаһид болған Кербала құрбандарының құрметіне алынған. Ушкі ауласының өзінде 40 мың адам құлшылық ете алатын мешіт күмбезі Пайғамбарлар падишасы (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) немересі Зейнеп бинт Әліні еске түсіреді. Ал оның екі мұнарасы Хасан мен Хусейнді еске түсіреді. Мешіт қабырғаларына ислам өркениетінің көрнекті тұлғаларының есімдері қашалған. Мешіттің ашылу салтанатты шарасына вице-президент Жауат Йылмыз, Стамбұл басшысы Дәуіт Гүл мен оның орынбасары Нұрт Аслан, жергілікті шиғалардың көсемі Қалқалы Селахаддин Өзгүндүз, Әзірбайжанның діни ұйымдар істері жөніндегі министр орынбасары Құндыз Ысмайыл, Ираннан аятолла Сейіт Әлі Қазы Әскер, т.б. ресми әрі лауазымды тұлғалар қатысты. Дегенмен, әлеуметтік желіде шиғалар мешітінің ашылуына наразы топтар қатарындағы Ресупбликалық халық партиясының мүшесі және бірқатар тұрғын мемлекет қаражатына осынау ғибадат ғимаратының ашылғанына көңілі толмайтынын жеткізді.

zckm.zeynebiye.com

0 пікір
Мұрағат