"Стамбұл жанары" дүниеден өтті (фото)
|
Түркияда 91 жасқа қараған шағында аты аңызға айналған фото-тілші Ара Гүлер дүние салды. Ел арасында "Стамбұл көзі" атанған фото-тілшінің қазасы туралы Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, фото-әлемде өзгеше қырымен танылған талантты тілші бүйрек ақауынан жүрек талмасы ұстаған. Жансақтау бөліміне түскенімен оның суішкілігі таусылып, бақилық болды. Ол армян отбасында дүниеге келген. Ол америкалық медиа-фотограф қауымдастығына кірген алғашқы түрік азаматы болатын. Ол 1950-шы жылдардан бастап, фото түсірумен айналысып, Түркияның және шетелдің беделді әрі оқырманы көп мерзімді басылымындарында жұмыс істеді. Әдеттегі көрініске сүреңсіз, сұрқай түстен өзгеше өң бере білген дарынды фото-тілшіден кейінгі ұрпақтың үйренері көп.