Шіркеу мен мемлекеттің атеистер құқығын мойындауды қарастырған сот өтіп жатыр
|
Кенияда атеистер құқығы мемлекет пен шіркеу тарапынан мойындалуына қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian мерзімді басылымына жөн сілтеген inVictory христиандардың мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы аталған елде құдайға сенім конституциямен бекітілген. Кения халқының 85%-ы – христиан. Кениядағы алғашқы атеистер ұйымы (Atheists in Kenya Society, AKS) сот арқылы өздерінің мәртебесін айқындап алуды мақсат етіп отыр. Мұның бәрі қайдан шықты? Стипен Ндишу (Stephen Ndichu) есімді жергілікті епископтың айтуынша азаматтық еркіндікті жақтайтын атеистер құдайға сенім бектілген конституция тааптарын өрескел бұзып отыр. Бұдан бөлек, атеистер рухани салдары ауыр цинизмді насихаттайды. Пәрідардың сөзіне қарағанда, Кения қоғамында мемлекет пен дінді ажырату мүмкін емес. Құдайға сенім бекітілгеніне қарамастан Кения конституция бойынша зайырлы мемлекет. 2019 жылы жүргізілген соңғы санақ нәтижесі бойынша 55 миллион кениялықтың арасында шамамен 755 000 атеист бар. АКС басшылары бейресми сауалнамаларға сілтеме жасап, елдегі атеисттердің нақты саны кемінде екі есе көп екенін алға тартады. Атеистік ұйым өзінің «зайырлы сенімін» насихаттау барысында қатты қарсылыққа тап болатынын жасырмайды.