Шейх Абдулла әл-Салем мәдени орталығындағы болашақтың ұшағы көрсетілді
Шейх Абдулла әл-Салем мәдени орталығындағы болашақтың ұшағы көрсетілді
2 жыл бұрын 1109 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Болашақтың көлігіне арналған көрмеде испандық компания экологиялық таза үш қабатты Sky Whale ұшағы тұжырымдамасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шейх Абдулла әл-Салем мәдени орталығындағы болашақтың көлігіне арналған көрмеде Oscar Vinals компаниясы Sky Whale жобасының (аспан киті) дизайнын ұсынды. Ұшақтың концепциясы сән-салтанат, өнімділік және экологиялық тазалық бірлігін бейнелеуге арналған. Sky Whale концепциясы әуе лайнерлерінің жаңа буынын жасауда «жасыл» технологияларды қолдануға бағытталған. Авторлар ойлағандай, технологиялық шешімдер экологиялық таза, үнемді және жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алады. Әуе кемесі 755 жолаушыны сыйдыра алады, олар кеменің үш палубасында орналасады. Салыстыру үшін алсақ, ұзақ уақыт бойы бұл тарапта алдына қара салмаған Boeing-747 ұшағы эконом-класта орналасса, барлығы 660 жолаушыны сыйдыра алады, ал оның бәсекелесі (Airbus A380) - үш класты салонда 525 жолаушы немесе бір класты конфигурацияды 853 жолаушыны тасымалдай алады. Ұшақтың ұзындығы - 76,8 м, ол  сағатына 977 шақырымжылдамдықпен ұшады. Бұл Airbus A380-800 және Boeing 747 сияқты қазіргі заманғы ең жақсы алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтардың жылдамдығымен салыстыруға болады. Ұшақ ұшатын қонақүйге ұқсайды: тренажер залы мен спадан бастап шатырдағы бақылау палубасына дейін барлығы бортта болады. Ұшақ конструкциясында экологиялық қорытпаларды, керамикалық және талшықты композиттік материалдарды және көміртекті нанотүтіктерді пайдалану ұсынылып отыр. Ал ішкі әрлеу үшін - өзін-өзі емдейтін тері және бейімделетін мөлдірлігі және кішкентай күн батареяларын пайдаланып электр энергиясын өндіру мүмкіндігі бар виртуалды шындық терезелері қамтылған. Белсенді қанаттар қазіргі қолданылып жүрген қанаттарға қарағанда ұзағырақ болып келеді. Сонымен қатар, әзірлеушілер төрт үлкейтілген электр отынмен жұмыс істейтін гибридті қозғалтқыштар үшін электр қуатын өндіре отырып, ламинарлы ауа ағыны мен турбуленттілігін бағыттай алатын эксцентрлік турбиналарды қанаттың ішіне орнатуды ұсынады. Сақтық шарасы ретінде ұшақтың қанаттары фюзеляждан бөлек орналастырылған. Өлімге әкелетін апатты қону жағдайында бұл дизайн жолаушылар салоны қатты зақымданудан сақтауы тиіс. Мұндай моделдердің өнеркәсіптік өндірісі қашан іске қосылатыны әлі белгісіз, алайда, жеке технологияларды өнеркәсіптік алыптардың жаңа авиалайнерінде де қолдануға болады.

Sky Whale. Бейне: Oscar Vinals

 

Sky Whale. Бейне: Oscar Vinals

АҚШ-та алғашқы «толығымен электрлі» қала маңындағы ұшақ ұшып шықты (видео)

Қыркүйек айының 27-і күні АҚШ-тың Вашингтон штатында толық электрлі ұшақтың прототипі алғашқы қысқа рейсін орындады. Бұл жайында islam.kz порталы eviation.com ақарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрастырылуына бірнеше жыл кеткен Eviation компаниясының толық электрлік Alice ұшағы алғашқы сынағы үшін әуеге көтерілді. Сынақ кезінде ұшқыш сегіз орынды ұшақты бір шақырымнан сәл асатын биіктікке көтерді және ұшу уақыты небәрі 8 минутты құрады. Alice ұшағы «Алиса ғажайыптар елінде» кітабының және Джефферсон ұшағының «Ақ қоян» әнінің құрметіне аталған. Оны америкалық Eviation стартапы құрастырып жатыр. Бұл ұшақ қала маңындағы жолаушыларды, жүкті тасымалдауға және атқарушы рейстерге арналған бірнеше конфигурацияда ұсынылады. Екі 640 кВт электр қозғалтқышымен ұшатын ұшақ екі винтпен жабдықталған және 463 шақырымға дейін ұша алады. Бұл ретте оның максималды ұшып көтерілу салмағы - 8,3 тонна, ал қозғалу (ұшу) жылдамдығы – сағатына 481шақырым. Сонымен қатар, құрастырушылар ұшаққа тән сипаттамалардың барлығы электронды аккумуляторларды жасау технологияларымен байланысты артатынын алға тартып отыр. Сынақтан өткізгендердің айтуынша, ұшақтың үнсіз қозғалатынын және кабинаның ішінде де, айналадағы кеңістікте де шу шығармайды. Сынақ рейсі коммерциялық ұшу бағытындағы алғашқы қадам ғана. Eviation бірнеше сынақ режимінен соң көптеген қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі керек. Құрастырушылар ұшақты 2026 жылы нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Alice. Видео: Eviation

0 пікір
Мұрағат