Шартарап: Қытайлық құтқарушылар өртті “Кока-коламен” өшіруді ұсынды (видео)
Шартарап: Қытайлық құтқарушылар өртті “Кока-коламен” өшіруді ұсынды (видео)
8 жыл бұрын 2959 inform.kz Stan.kz slon.ru N+1

Қытайлық өрт сөндірушілер алауды газдалған сусындармен өшірмек. Осыған орай, олар тәжірибе жасап, видеосын желіге жариялаған. Нәтижесінде құрамында көмірқышқыл газы бар “Кока-кола” сусынының өртті жақсы өшіретіні байқалған. Мұнымен қатар, құтқарушылар лаулап жанған өртті әдеттегі сусынмен өшірмек болған. Алайда, ойлары жүзеге аспаған. Мұнымен қатар, экспериментті үйде жасамауға кеңес берді.

 Жапондықтар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуында жасанды метеорит жаңбырын жаудырады (ВИДЕО)

2020 жылы Токио қаласындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өзгеше  болуы мүмкін. Жапондық «ALE Co» компаниясы жасанды метеорит жаңбыр жаудыруды ұсынып отыр.

Токио аспанында жүздеген түрлі-түсті құлап жатқан жұлдыздар пайда болады. «Sky Canvas» жобасы метеорит жаңбырын құру технологиясын плазма атылуының көмегімен жасап жатыр.

Жобаның басшылары түрлі- түсті «құлап жатқан жұлдыздарды» алу үшін Жер орбитасына сан түрлі материалдардан жасалған мыңдаған «дөңгелектері» бар шағын спутникті ұшыруды ұсынды.

Жер бетінен 60-80 шақырым биіктікте бөлшектер өртене бастайды. Соның әсерінен аспан бірнеше секундта метеорлар алауына боялады. Бұл бөлшектер метеорлардан жылдамдығы баяу болғандықтан, жұлдызды жаңбыр ұзаққа созылады.

ALE-нің бағалауынша, шоуды Токио және оның маңындағы 30 000 000 адам тамашалай алады. 

Airbus әлемдегі ең жылдам тікұшақты патенттеді (ВИДЕО)

«Airbus» компаниясы әлемдегі ең жылдам ұшатын тікұшаққа патент алды. Әуе кемесінде негізгі тікұшаққа тән ебелекке қосымша артқа қарай бағытталған екі пропеллер қарастырылды.

Қосымша пропеллерді 2 270 аттың күші бар «Rolls Royce Turbomeca RTM322» қозғалтқышы айналдырады.

«Гиперкоптер» қазіргі кезде «Airbus» жасап жатқан «Eurocopter X3» тікұшағы жобасының жалғасы болуы әбден ықтимал. Жарияланған құжаттарға сәйкес, жаңа тікұшақтың ұшу жылдамдығы сағатына шамамен 470 шақырым.

Қазіргі кезде әлемдегі ең жылдам тікұшақтар – «Boeing CH-47 Chinook» (сағатына 315 шақырымға дейін) және «Ми-24» (сағатына 370 шақырым). «Eurocopter X3» 2013 жылы сағатына 487 шақырымға дейінгі жылдамдыққа жете алған. 

SpaceX мұхиттағы тұғырнамаға үшінші мәрте зымыранды сәтті қондырды (ВИДЕО)

«Falcon 9» зымыранының бірінші бөлігі пилотсыз теңіз платформасына сәтті қонды. «Falcon 9» зымыран-тасығышы АҚШ-тың Флорида штаты Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан  мамыр айының 27-нен 28-не қараған түні сағат 3:40-та ұшырылған.

Эстон әскерилері шынжыр табанды робот жасады (ВИДЕО)

Эстонияда "Kevadtorm" атты әскери жаттығулары кезінде шынжыр табанды робот сынақтан сәтті өтті. «THeMIS» роботы жүк тасымалдауға арналған. Ондай міндетті бұған дейін үлкен техника немесе жауынгерлердің өздері атқарып келді. Роботтың жылдамдығы сағатына 35 км, ол өзімен бірге 750 келі жүк алып жүре алады. Ал аппараттың салмағы жарақтандырылуына қарай 750-850 келі шамасында. «THeMIS» қуаты 10 сағат тоқтаусыз жүруге жетеді. Оны дизель қозғалтқышына қосылған генератор арқылы қуаттайды. Оның негізгі бөліктері болатпен қорғалған. Робот үш режімде жұмыс істей алады: автономды, жауынгер еріп жүріп немесе қашықтан басқау арқылы.

 

0 пікір
Мұрағат