Сенаторлар ИЫҰ Парламенттік Одағының 10-сессиясына қатысты
Сенаторлар ИЫҰ Парламенттік Одағының 10-сессиясына қатысты
10 жыл бұрын 3034

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлағандай, кеше, яғни, үстіміздегі жылдың қаңтар айының 21-і күні Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Стамбулда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағының «21 ғасырдағы қатерлерге жауап: жаһандық бейбітшілікке, сот төрелігіне, тұрақтылықты және қауіпсіздікті орнықтыру» тақырыбына аралған 10 сессиясына қатысты.

ИЫҰ парламенттік форумы аясында қазақстандық делегация Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Ж.Чичекпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түркиямен стратегиялық әріптестіктің маңызы туралы айта келіп, А.Бейсенбаев Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының түрлі салалардағы қарқынды дамуына тоқталды және екі елдің парламенттерінде жұмыс істейтін «Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық тобының әлеуетін жан-жақты өрістету қажеттігін атап өтті. Кездесуге сенатор Л. Тұрлашов, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Т. Ибраев пен М. Ахмадиев қатысты.

0 пікір
Мұрағат