Саудия аумағынан ерекше археологиялық жаңалық ашылды (видео)
Саудия аумағынан ерекше археологиялық жаңалық ашылды (видео)
2 жыл бұрын 1201 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Араб түбегінен табылған жәдігерлер ежелгі мәдениеттің ерекшелігінен хабар береді. Бұл жайында islam.kz порталы Arkeo News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Археологтар әл-Ухдуд (Сауд Арабиясы) қазбалары кезінде ежелгі оңтүстік араб қолтаңбасына тән исламға дейінгі ең ұзын «Муснад» жазуын және алтын сақиналар мен қола бұқа басын тапты. Саудияның оңтүстік аймағынан табылған ең ұзын Муснад жазуы артефактілер арасында ерекшеленеді, оның ені шамамен 230 см және биіктігі 48 см. Ол Уахиб Ейл бин Маган есімді жергілікті тұрғынға тиесілі болған және жазуда оның су тасушы ретіндегі жұмысы сипатталған. Сондай-ақ, қазба орнында көбелек пішініндегі алтын жапырақшамен жабылған және екі ұшын біріктіретін шағын құлыпы бар бірдей өлшемдегі үш сақина табылды. Бұқаның басы оңтүстік Арабияның исламға дейінгі патшалықтарында кең таралған пұт түрлерінің бірінен саналады. Дәлірегі, ол ежелгі мәдениеттерде күш-қуатқа, құнарлылыққа, өсіп-өнуге байланысты түрлі рәсімдерде қолданылған, сонымен бірге, жөн-жоралғыда даналықтың баста белгісі ретінде пайдаланылған. Бұдан бөлек, бұл жерден табылған көлемі әрқалай қыш құмыралар біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырға тиесілі болып шықты.

 

0 пікір
Мұрағат