Қызылордада аяттары шөппен жазылған Құран кітабы бар
Қызылордада аяттары шөппен жазылған Құран кітабы бар
7 жыл бұрын 6365

Қызылорда кітапханасында аяттары шөппен жазылған Құран кітабы сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1293 жылы басылып шыққан қасиетті кітап Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасында сақталған. Құранның мұқабасы арнайы иленген мал терісімен қапталған. Аяттары шөппен жазылғандықтан жазулары ескірмеген.

«Ел арасында бабадан қалған мұраларды шүберекке түйіп, сандық түбінде сақтап отырған кісілер баршылық. Біз қор енді ашылған уақытта арнайы экспедициямен облыстың ауыл-аймақтарын түгел аралап, жеке тұлғаларда сақтаулы дүниелерді жинақтадық. Дегенмен, уақыт өткен сайын қолжазбаны қалпын бұзбау талаптары қиындай түседі. Сондықтан мұндай құндылығы жоғары мұраларды тиісті мекемелерге сақтауға берген дұрыс. Болмаса, қолжазбалардың бүлінуі, оқылуы күрделеніп кетуі әбден мүмкін», – дейді кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Гүлдерайым Қосназарова.

0 пікір
Мұрағат