|
Қызанақтың А дәруменімен байытылған жаңа сорты шығарылды
|
Флорида университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары ққұрамында А дәрумені көп мөлшерде кездесетін қызанақтың жаңа сортын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде FruitVeb ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Флорида университетіне қарасты Тамақ және ауыл шаруашылығы ғылымдары институтының білікті мамандары Сенбей Фу, Теңіз Тиман және Бала Ратинасабапати -бета-каротиннің мөлшері едәуір ұлғайтылған қызанақ сортын шығарды. Бұл адам ағзасын А дәруменіне айналдыратын провитамин рөлін атқаратын каротиноид. Ғалымдардың айтуынша, жаңа қызанақтағы бета-каротин деңгейі нарықтағы сорттардың көрсеткіштерінен асып түседі, тіпті, осы затқа бай көкөністердің (капуста, батат, т.б.) өзінен асып түседі. А дәруменінің тапшылығынан 79 елде 345 миллион адам зардап шегеді, әсіресе, балалар мен жүкті әйелдерге қауіп төндіреді. Сарапшылардың айтуынша, тапшылықты жою үшін күніне 50-100 грамм қызанақ жеткілікті болуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеу барысында қызанақта бета-каротин мөлшерін арттыру үшін тәтті бұрыштағы каротиноидтардың синтезінде маңызды рөл атқаратын CCS гені ауыстырылды. Неге қызанақ таңдалды бұл дәруменді дарыту үшін? Өйткені, қызанақ ең көп тұтынылатын тағам екендігі ескерілген - жаһандық өндірісінің жыл сайынғы көлемі 180 миллион тоннаға жетеді. Зерттеушілердің айтуынша, қызанақ әдетте қызыл түске жауап беретін пигмент - ликопинді жинайды, алайда, олардың құрамында орташа мөлшерде ғана бета-каротин бар. Ал жаңа сорт қоректік құндылығы бойынша да, антиоксиданттардың құрамы бойынша да өзге сорттардан асып түседі.