Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды
Қытайда ең дәулетті 100 чип өндірушінің байлығы 28%-ға ортайды
2 жыл бұрын 1801 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының басында АҚШ Сауда министрлігі микросхемаларды өндіруге қажетті материалдарды, машиналар мен жабдықтарды Қытайға экспорттауға шектеулерді қамтитын ереже қабылдаған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Қытайда чип өнеркәсібінде жұмыс істейтін компания иелерінің жеке байлығы өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Дәлірегі, Ijiwei.com сайтының мәліметінше, аталмыш саланың ең бай 100 кәсіпкерінің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға азайған. Сонымен қатар, жеке байлығы 10 миллиард юаннан (шамамен 1,43 миллиард АҚШ доллары) асатын іскер адамдар саны. доллар) 22-ден 17-ге дейін төмендеген. Қытайда жартылай өткізгіш өнеркәсібі мемлекеттің ынталандыруының және қор нарығында тіркелген компаниялар санының артуы арқасында соңғы жылдары көптеген жаңа миллиардерлер пайда болған секторға айналған еді. Сөз орайы келгенде айта кетсек, желтоқсанның 12-і күні министрлік экспортқа тыйым салу тізіміне 36 компанияны, соның ішінде Қытайдағы ең ірі жад чиптерін өндіруші Yangzte Memory Technologies (YMTC) сияқты жасанды зерде чиптері өнеркәсібіндегі 21 компанияны қосты.  Бұдан бөлек, АҚШ билігі қытай компанияларының америкалық тауарларға, бағдарламалық жасақтамаға және технологияларға қол жеткізуін қатаң шектейтін қатаң лицензиялық талаптарды енгізді.

0 пікір
Мұрағат