|
Қытайда «ақылды» қасық пайда болды
|
Қытайда «ақылды» қасық-таяқша пайда болды. Бұл жайында Tengrinews.kz хабар таратты. Электронды қытай қасығы азықтың сақталу мерзімін, тағамның температурасын, ондағы дәрумендердың құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш құрылғыны қытайдың Baidu компаниясы Бейжің қаласында жұртшылықтың назарына ұсынды. Қытайда ас-ауқат көбіне сапасыз маймен дайындалып, санитарлық талаптар сақтала бермейді. Бұл құрылғы тағамның құрамындағы майдың қаншалықты сапалы екенін анықтауға мүмкіндік береді. «Ақылды» қасықтың«құрамында», сондай-ақ, натрия бар. Ол өз кезегінде тағамның тұзы қажетті мөлшерден асып кетсе не кем болса, соны да анықтауға мүмкіндік береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді