Қытай тілі араб елінде міндетті оқытылатын пәндер қатарына енгізілді
Қытай тілі араб елінде міндетті оқытылатын пәндер қатарына енгізілді
3 жыл бұрын 1755 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай тілінде адамзаттың бестен бір бөлігі сөйлейді. Оның үстіне, Қытай соңғы жылдары осы заманғы озық технологиясымен алға шығандап кеткен ел. Осыны ескерген Саудия да әлем қауымдастығының тәжірибесін қолданатын болды. Дәлірегі, аталған араб елі өзінің білім беру жүйесіне енгізбек. Бұдан бөлек, бүгінгі еңбек нарығындағы біліктілігі жоғары мамандарға бірнеше тіл білу талабы қойылатын болып жүр. Өйткені, қытай тілі бизнес тіліне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жидда университеті дайындық курсының студенттеріне қытай тілін міндетті пән ретінде оқтытатын болды. Саудияның аса ірі жоғарғы оқу орны болып табылатын корол Әбдіәзіз атындағы университетте де қытай тілін міндетті пән ретінде оқытылып жүр. Жидда университетінің тілдер институтының деканы Ыбырайым Сағди Al-Arabiya телеарнасына берген сұхбатында университеке түсуге тілек білдірген талапкерлер міндетті түрде қытай тілі курсынан өтеді. Қытай тілі тек Арабияда ғана емес, АҚШ бастаған бірқатар батыс елдерінде де оқтылатын болған. Бұрын әлемнің көптеген елдерінде неміс, француз, ағылшын, жапон, орыс және араб тілдері шет тілі ретінде оқытылатын болса, бұлардың қатарын қытай тілі толықтырып отыр. Ал АҚШ-та қытай тілі ағылшын тілінен кейін адамдар қолданатын екінші тілге айналған. Десе де қытай тілі осы шет тілдер арасындағы ең қиын тіл саналады. Оның қиындығы тек иероглифтік танымда емес, сонымен қатар, әдіснамасындағы лингвистикалық ерекшеліктерге байланысты өрбиді.

0 пікір
Мұрағат