|
Қырғыздардың Ош қаласы 2019 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды
|
Қырғызстанның Ош қаласы келесі жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады. Желтоқсан айының 18-і күні Түркияның Кастамон қаласында өткен Түрксойға мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 36-шы жиынында тиісті шешім қабылданды. Биыл түркі әлемінің мәдени астанасы еліміздегі ең ежелгі қалаларының бірінен саналатын Түркістан шаһары болды.