Қырғыз президенті Исламға қалай бет бұрғанын айтып берді
Қырғыз президенті Исламға қалай бет бұрғанын айтып берді
10 жыл бұрын 4394

Ыстықкөлде журналистермен бейресми кездеу барысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ислам дініне «жүректегі жалғыздықты сейілту» үшін келгенін айтты.

«Мені тек сатып кетуі мүмкін адамдар ғана тастап кетпеді.Түрлі жағдайларды бастан өткердім. Тіптен, жалғыз қалған кезім де болды. Мен Құранды, Інжілді көп оқыдым. Буддизмді де оқыдым. Ал егер Құранға назар аударар болсақ, Ислам діні заманның бүкіл талаптарына, физика теорияларына толық жауап беретінін көреміз» дейді Қырғыз президенті.

«Жаным жалғыздықтан жапа шеккен кезім де болды. 7 сәуір күні мені тұтқынға алған кезде мен қолыма Құран кітабын алдым. 25 жыл отырсам осы кітапты түгел оқып, жаттап шығуға болады деп ойладым. Бүгінгі күннің діндегі басты қателігі – адамдар дінді Құдайдан тыс ұстағысы келеді» деп мәлімдеді А.Атамбаев «АКИpress»-ке берген сұхбатында. 

4 пікір
  • Керемет, МашаАЛЛА!
    10 жыл бұрын
  • Осыны оқып отырып Л. Толстойдың: "ең саналы адамның соңғы табан тірер жері -ИСЛАМ" - деген сөзін басқа бір қырынан түсінгендей болдым. Кей адамдар өмірдің ауыр сынағына тап болып, әркімнен медет күтеді. Бірақ соңында, көмек қолын созар ешкім қалмағанын түсінгеннен кейін, жалғыз ғана үміті қалады ол - Құран. Бұл жағдай - сор батпаққа түгелдей батып, әне-міне дегенше тұншығып өлуге сәл-ақ қалғандағы соңғы арпалыста, саусақ ұшы әлдебір шыбыққа тиген адамның жағдайына ұқсас.
    10 жыл бұрын
    • Саусағының ұшы тиген сол шыбық неткен ғажап, сол шыбыққа жолықтырған Аллаһ неткен Мейірімді Құдіретті!
      10 жыл бұрын
  • Президенті мнадай деді.Мектепте орамал тағуға рұқсат еті енді не болар екен. Енді малғұн бірдеңе изм деген бәлелерін жібермесін Қырғызға.Алла сақтасын.
    10 жыл бұрын
Мұрағат