|
Құранға сүйенген ғалым ғылыми жаңалық ашты
|
Мұсылман ғалым ауылшаруашылық саласында ғылыми жаңалық ашты. Ол өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препаратты алмастыратын органикалық пестицид жасауға болатын ғылыми жобаны іске қосып та үлгерді. Канададағы Дубай университетінде доцент болып қызмет атқаратын доктор Марван Шабан бұл идеяны қасиетті Құран Кәрімнен алғанын айтады. Бұл жайында muslm.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала Жүніс (ғ.с.) пайғамбарды Ниневия халқына жібергені жайлы айтылады. Алайда, Жүніс (ғ.с.) пайғамбар өзіне тапсырылған пайғамбарлық міндетті соңына дейін атқармастан, Ниневия халқын тастап, кемеге мініп кетеді. Жолай дауыл соғып, Алла әмірімен Жүніс (ғ.с.) пайғамбарды алып кит жұтып қояды. Киттің ішінде жасаған тәубесін қабыл етіп, Алла әмірімен кит Жүніс (ғ.с.) пайғамбарды жағаға келіп, құсып тастайды. Әбден әлсіреген пайғамбардың жанында өскен асқабақ ағашының оны күн сәулесі мен зиянкес жәндіктерден сақтап тұрғаны айтылады.
Құран құдіреті арқылы тапқан бұл жаңалықты ғылымға енгізуді мақсат еткен мұсылман ғалымы асқабақтың қандай септикалық қасиеті барын толыққанды зерттеуге кіріскен.