|
ҚҰРАН – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ ӘРІ ТАРАЛЫМЫ КӨП КІТАП
|
Құран Кәрім – әлем бойынша ең көп оқылатын кітап. Күллі мұсылман қауымының қасиетті кітабы. "LoveReading.com" жүргізген рейтингтің көшін бастап тұр. Интернет-ресурстың жүргізген зерттеуіне сәйкес Құран кітабы бүгінде жер бетіне 3 миллиард көшірмемен таралған. Айта кету керек, рейтинг жасау барысында кітаптың тек көшірмелері ғана емес, оның неше тілге аударылуына да мән берілген. Екінші орын Інжілге тиесілі. Бұл кітап 2,5 миллиард көшірмемен таралған. Тізімнің үштігін «Мао Цзедунның циталалары» атты өсиет кітабы толықтырған. Ол 800 миллион тиражбен шыққан. Ал әлем бойынша ең көп оқылатын кітаптар ондығына «Дон Кихот», «Властелин колец», Гарри Поттер туралы сериалы басылым, Чарльз Диккенстің «Қос қала туралы повесті», т.б. кітаптар енді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты