Қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды (видео)
Қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды (видео)
8 жыл бұрын 3644 khabar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұмына құс атасының сұлуы саналатын дуадақтың 308 басы ұшырылды. Құстың бұл түрі жиек деп аталады. Дала төсінде алғаш рет еркін қанат қаққан құстар жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан. Ол жұмыртқалар бірнеше жыл бұрын табиғат аясындағы жабайы дуадақтардың ұясынан теріп алынған. Жергілікті ғылыми-зерттеу орталығында қазір тағы мыңдаған балапандар өсіріліп жатыр. «Қаратау бөктеріндегі тұқымбақтың үшінші кезеңі бітсе, жылына 15 мыңға дейін құс балапанын еркіндікке жіберуге болады», - дейді мамандар. Бұл Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бірлескен жобасы аясында жүзеге асып отыр. Қызылқұм аумағына ұшырылған құстардың барлығына арнайы белгімен қондырғылар орнатылған. Ғаламтор арқылы табиғат қорықшылары мен ғалымдар құстың ұшып кететін бағытын және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Нұрболат Құдайбергенов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы: - Облыс аумағы қолайлы болғандықтан, біздің облыста жұмыртқалайды. Ал кейіннен балапан ашып ұшқаннан кейін жыл құстары миграциямен өзінің көшіп-қону жолына байланысты ұшып кетіп, кейін ұшып келіп-кетіп отырады. Алдыңғы жылдардағы ұшырылған партиялардың Пәкістан мен Мороккоға дейін ұшып барғаны анықталған.  

0 пікір
Мұрағат