Қазақстанда трансплантация менталитетке байланысты дамымай отыр
Қазақстанда трансплантация менталитетке байланысты дамымай отыр
10 жыл бұрын 5943

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстанда трансплантацияның дамымауы менталитетке байланысты. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя айтты.

- Қазақстанда трансплантация саласы дамып келе жатыр. Негізі тарсплантация деген медициналық қана емес, əлеуметік проблема болып табылады. Ал бізді өз тарапымыздан айтатын болсам бүгінгі күні ағзаларды ауыстыратын мамандар бар жəне олар дайындықтан өткен. Алайда, біздің менталитет донорлыққа дайын емес. Сондықтан біздің ел бұл салада дамыған елдерден бірнеше есе артта қалып отыр. Менің ойымша алдағы уақыттарда біз орташа стандарттарға келеміз, - деді Ю.Пя. Сондай-ақ, ол балаларға донор табудың қиындығын да тілге тиек етті. Егер жүрек болып жатса балалардың отасы үлкендердікінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Балаларға донорлардың табылмауы біздің елде ғана емес, бүкіл əлемдегі проблема, - деп атап өтті Ю.Пя.

Айта кетейік, Ұлттық ғылыми кардиохиоургия орталығы бүгінгі күнге дейін донорлық жүректі трансплантациялау бойынша 11 операция жасады. Соның ішінде əйел адамға трансплантация алғаш рет жаңа жыл қарсаңында жасалған. Сонымен қатар ЖФСЖ бар емдеушілердің жүректің оң жақ асқазанын имплантациялау бойынша 100-ден аса операция жасаған. Олардың 91% ер адамдар, орташа жасы 50 жас. 

Миына зақым келген 23 жастағы алматылық жігіттің жүрегі, бауыры, бүйректері 4 адамның өмірін құтқарды.

Дәрігерлер жігіттің миы өлгенін хабарлаған соң анасы оның мүшелерін 4 адамға ауыстырып салуға келісімін берген. Бұл туралы nur.kz ақпарат көзі Алматы қалалық №7 ауруханасының бас дәрігері Баймаханов Болатбекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Қазіргі уақытта Александрдың жүрегі Астанаға жіберілсе, бір бүйрегі Сызғанов атындағы хиругия орталығына жіберілді.

"Бізде бірінші рет қайтыс болған адамның ағза мүшелерін ауыстыру бойынша алғашқы ота жасалды. Мұндай операцияларды жасауға мемлекет үлкен қолдау көрсетіп келеді. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қайтыс болған адамнан алынған мүшелерді қабылдаған адамдардың қазір жағдайлары тұрақты. Шығуға дайындалып келеді", - деді қаланың бас трансплантологы Баймаханов Болатбек.

Донордың бауыры қаңтардың 5 күні 1974 жылы дүниеге келген келіншекке, бір бүйрегі 1968 жылы туған ер адамға салынды. Ота 8 сағатқа созылған.

№ 7 ауруханада былтыр 222 трансплантологиялық ота жасалды. Оның ішінде жүрекке – 7, бауырға – 25, қалғаны бүйрек ауыстыру бойынша жасалды.

0 пікір
Мұрағат