Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ислам хрестоматиясы шығады
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ислам хрестоматиясы шығады
10 жыл бұрын 4039

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар Кеңесінде Қазақ хандығының айтулы 550 жылдық мерейтойына орай қазақ топырағында сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары туралы арнайы ғылыми Ислам хрестоматиясын шығару қажеттігі айтылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл бастамасын Ғұламалар Кеңесінің мүшелері бірауыздан қолдады. Ғылыми кітапқа орта ғасырлық кезеңдегі, қарахандықтар, Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі, Қазақ хандығы тұсындағы діни еңбектер, дастандар мен рухани шығармалар енеді.

«Ислам хрестоматиясын шығарудағы мақсатымыз – өткеннен сабақ алу, жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, бірлікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Кеңес отырысында Ислам хрестоматиясын қасиетті Рамазан айында шығару жоспарланды.

 

Орал тұрғыны Қазақ хандығының мерейтойына арнап теректен мүсін ойды

Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне өзінің арнайы сыйлығын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыйлық қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасалып жатқаны белгілі. Өлген ағашты қайтад

Сыйлық қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасалып жатқаны белгілі. Өлген ағашты қайтадан тірілту идеясы Болатбектің басына осыдан екі ай бұрын келген екен. Мүсін кезіндегі ел қорғаған батыр образына сәйкес келеді. Сонымен қатар, мұндай жұмыстың бағасы күрделілігіне сай 300 мың теңгеден асады екен. Автор Болатбек Баймамғанбетов бұл туындының оралдықтарға арналған сый екенін айтты.

"Бұл біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де батыр болып саналатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтан, туған қалама сыйлық тарту етуді жөн санадым", - деді мүсінші. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесуде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекеленетінін хабарлаған болатын.

0 пікір
Мұрағат