Қазақ даласынан ұлттық ою-өрнектер пішініндегі қорғандар табылды (фото)
|
Торғай даласына саяхат жасаған Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамдастығы сенсациялық суреттер жариялады.
Бұл туралы "Экспресс К" мерзімді басылымы хабарлады.
Шақырымнан асатын ұзындыққа дейін созылған алып қорғандар, аспан көгінен көз тастағанда тұп-тура қазақы ою-өрнекті суреттейтіндігі байқалады.
Ең үлкен үштоғай шаршысының диаметрі 300 метр екен.
“Біз барған сәтте геоглифтердің қасында тұрғанымызды білмедік. Сосын дронды көкке жібергеннен кейін ғана нағыз ғажайыптың жанында екенімізді байқадық. Бұл геоглифтер әртүрлі техникаға негізделіп салынған. Мәселен, үштоғай шаршысы жүздеген қорғандардан тұрады. Біз бұл құрылыстарды діни қорғандап деп топшыладық”, – дейді экспедицияның жетекшісі Жанат Айтхожин.
Экспедиция құрамында ондаған танымал археолог, топограф және геологтар бар. Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамдастық директорының орынбасары Сәулет Сәкенов ғалымдар алдында қазіргі таңда 2800 жыл бұрын салынған осы құрылыстарды сақтап қалу тапсырмасы тұр дейді. Тағы бір тапсырма – қазақша ою-өрнекке негізделген қорғандардың мәртебесін Англиядағы Стоунхедж секілді көтеру.