Қасиетті Қағбаның жабындысыз суреті (фото)
|
1940-шы жылы кисуасын шеберлер он ай бойы тоқыған жаңасымен ауыстыру кезінде қасиетті Қағбаның бейнесін таспаға тартып алыпты. Сол кездегі жаңа жабындының құны 10 млн риал болған екен. Кисуа - қасиетті Қағба жабындысы, оны дайындауға 670 келі жібек кетеді екен. Оның 10 келісі күміс және алтын жалатылған арнайы жібек жіптен тұрады. Бұл жіппен шеберлер кисуаны қасиетті Құран аяттарымен безендіреді. Кисуаның ұзындығы 14 метр, ал ені 95 сантиметрге жетеді. «Kiswa» фабрикасының бас жетекшісі Мұхаммед Абдулла Баджуданың айтуынша, кисуаны жыл сайын зүлхиджа айының 9-10 күндері ауыстырып тұрады. Бұл кезде қажылар Арафат тауында болады. Тәбәрік ретінде соларға таратылып беріледі. Тек бір пұшпағы ғана фабрикада сақталып қалады. «Kiswa» фабрикасында шамамен 240 адам жұмыс істейді. Фабрика бірнеше цехтан тұрады: тігу, басу, бояу, жинау, т.б. цехтары.