Қаралы үйге осы заманғы жапонша көңіл айту салтқа енетін болды
Қаралы үйге осы заманғы жапонша көңіл айту салтқа енетін болды
7 жыл бұрын 3374 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің жерлеу бюросы өз клиенттеріне жаңа қызмет түрін ұсынып отыр. Ендігі жерде  ең алдымен қарттарға қолайлы жаңа қызмет түріне сәйкес жергілікті тұрғындар дүние салған туған-туысқандарымен автокөліктен шықпай-ақ қоштасуына болады. Яғни, көңіл айту үшін үйге кіріп жатпайды. Мұны басы артық әуре көріп отыр. Елдің қақ орталығында орын тепкен Нагано префектурасына қарасты Kankon Sosai Aichi Group компаниясының жоспары бойынша көңіл айтуға келген адам автокөліктен шықпай-ақ өз есімін арнайы экранға енгізіп, көңіл айту салтын орындап, бір парызын орындап кеткенін білдіре алады. Бұл жайында Agence France-Presse ақпарат көзі хабар таратты. Туған-туысқандары дүние салған адаммен қоштасу залына қойылған экран арқылы бақылай алады. Бұл салт 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап енгізіледі. Сөз реті келгенде айта кетейік, жапондардың жерлеу индустриясы әлем бойынша өркен жайған индустриялардың бірі. Мұны халықтың қартаю процесімен байланыстырып түсіндіреді сарапшылар. Аталған елдегі азаматтардың 27%-ның жасы 65-тен асып кеткен. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 37 пайызға жетпек. Жапониядағы жерлеу саласындағы бизнеспен айналысып жүргендер жылына 16 млрд доллар табыс табады екен. Сондай-ақ, дүние салған адамның жаназасын роботтар шығарады.  

0 пікір
Мұрағат