Психологтар дінге сенім мен өлімнен қорқу арасында қандай байланыс барын анықтады
Психологтар дінге сенім мен өлімнен қорқу арасында қандай байланыс барын анықтады
8 жыл бұрын 4704 tengrinews.kz

Оксфорд және Мельбурн университеттерінің оқытушылары атеистердің өлімнен қорқынышын, сырттай діншіл және дінге берік адамдарды зерттей келе қызық жайттарға тап болды, - деп хабарлайды Naukatv.ru. Психологтар 1961 және 2014 жылдар аралығында жарияланған 100 шақты ғылыми мақалаларды зерттеген. Онда 26 мың адамның өліме деген қатынасы көрсетілген. Бұл мәліметтерді біріктіре отырып, ғалымдар дінге берік болу өлімнен қорықпаумен байланысты екенін байқаған.  Ал сырттай ғана діншілдер дінге берік адамдарға қарағанда өлімнен өте қатты қорыққан. Сырттай діншіл деп діннің әлеуметтегі басымдығына қатысты ұстанушыларды атайды.  Сонымен бірге, өздерін дінге сенуші деп есептейтін адамдардың 18 пайызы атеистерге қарағанда өлімнен көбірек қорқады екен. Ал зерттелген материалдардың жартысы діншілдік пен өлімнен қорқудың мүлде байланысы жоқтығын көрсеткен.  Зерттеу АҚШ және Таяу Шғыс пен Шығыс Азияның бір бөлігіне қатысты болғандықтан, нәтижелердің мәдени және діни дәстүрге қаншалықты байланысты екенін анықтау мүмкін болмады.  Дегенмен, психологтардың еңбегі діншіл адамдар ғана өлімнен қорықпайды деген түсінік күмәнді екенін көрсетті, яғни, өлімнен қорықпайтын атеистер діннен пана іздемейді.  

0 пікір
Мұрағат