Полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау фронт-офистері ашылды
Полиция бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау фронт-офистері ашылды
6 жыл бұрын 2874

Алматы облысындағы полиция бөлімшелерінің барлығында азаматтарды қабылдау фронт-офистері өз жұмысын бастады. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме асай отырып хабарлады. 

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өтініш берушілерге, ақпарат алушыларға, жалпы алғанда полиция қызметіне жүгінгісі келген кез келген тұлғамен тікелей қарым қатынас орнатуға мүмкіндік берген фронт-офистер барлық аудандар мен қалалардағы полиция бөліністерінде іске қосылған.

«Фронт-офис қызметі ең алдымен ашықтық, қолжетімділік қағидаты бойынша ашылып отыр. Бұл жерде қатаң өткізу режимі, торланған терезелер мен есіктер болмайды. Келушілерге арнап жасалған заманауи жағдайлар мен қызметкерлердің ыстық ықыласы халықты бей-жай қалдырмайтыны анық»,- дейді полиция өкілдері.

Фронт-офис жұмысы – халық пен тәртіп сақшылары арасындағы көпір болмақ. Яғни, халық қажетті ақпаратты алып, құқық қорғау органының қызметіне қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес сұрай алады.

Бүгінгі күні облыстық департаментті қоса алғанда, полицияның 20 фронт-офисі қызмет етуде.

Тәртіп сақшыларының заман талабына сай енгізген бірегей жобасы халықтың полицияға деген сенімін арттырып, жақындата түспек.

0 пікір
Мұрағат