«Платин» мәртебесіне ие болған алғашқы мешіт
«Платин» мәртебесіне ие болған алғашқы мешіт
3 жыл бұрын 2333 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша «жасыл ғимарат» рейтингісінде «платин» мәртебесіне ие болған алғашқы мешіт Дубай әмірлігіне қарасты Һатта қаласында орын тепкен. АҚШ-тың экологиялық құрылыс кеңесі (USGBC) түзген рейтингте «топ жарған», таяуда Дубайдың электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі басқармасы ел иглігіне берген мешіт арнайы шкала бойынша жоғары көрсеткішке ие болды. Жалпы ауданы 1050 шаршы метр аумақты алып жатқан, бір мезгілде қатар тұрып 600 адам намаз оқи алатын осынау ғибадат ғимараты энергия, су үнемдеудің жаңа сатндарттарына толық жауап бере алатын құралдармен жабдықталған. Бұл жайында islam.kz порталы Ummid ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мұсылмандар құлшылық үйінің кешені биіктігі 25 метрге жететін мұнарадан, автотұрақтан, қуаттау бекетінен тұрады. Бұдан бөлек, бұл мешітте «рухы мықты адамдарға» (Біріккен Араб Әмірлігінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әдеп бойынша осылай атауға көшкен) барлық жағдай жасалған. Мешіт энергия генерациялайтын күн панелдерімен және пайдаланылған суды тазарту және өңдеу құрылғысымен жабдықталған. Қоршаған ортаға залалын тигізбейтін мұндай ғибадат ғимараты әлемде некен саяқ.

0 пікір
Мұрағат