|
Пациентті Құранмен емдеген дәрігерді БҰҰ марапаттады
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы католик наным-сенімінде болса да ота кезінде пациентті қасиетті Құран және Інжіл оқып, емдейтін африкалық хирургты марапаттады. Ерекше емдеу тәсілі арқылы мұндай мәртебелі сыйлыққа қол жеткізген Эван Атар Адаха Отүстік Суданға қарасты Нілдің жоғары сағасы проинциясында орын тепкен Бунж қаласындағы Мабан ауруханасында оташы болып қызмет етеді. Оның айтуынша, сенім науқасқа көп көмектеседі. Ол пациентке анестезия алдында қасиетті Құраннан сүрелер мен аяттарды немесе Інжілден үзінділер оқып, көңілін аулайды. Ол бұл ауруханада жұмыс істеп жатқанына табаны күректей жиырма жыл болған. Бұл уақыт аралығында бөлінген Судан мен Оңтүстік Суданның қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған талай адамның өміріне араша түскен жан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды