|
Палестинаны қолдауға арналған кинофорум өтті
|
Малайзия астанасында Палестина халқының басындағы ауыр азапты және олардың азаттық үшін қалай күресіп жатқанын әлем елдеріне жеткізу мақсатында осымен үшінші рет кинофорум өтті. Осынау шараға қатысқан меймандардың арасында палестиналық төрт актер болды. Олар өз туындыларын көрермендер назарына ұсынып, Израиль басқыншылығынан палестиналықтардың қалай қырылғанын, қандай жағдайға душар болғанын көрсетті. Бұл форумда тек кино көрсетіліп қана қоймай, сонымен қатар, палестиналықтардың ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары және тұрмыстық заттары саудаға шығарылды. Аталмыш шарадан түскен қаржы палестиналықтардың қажетіне жұмсалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды