Палестиналық ең жас тұтқын бостандыққа шықты
|
Жуырда 14 жастағы Мәлиак әл-Һатыб есімді палестиналық тұтқын Израиль түрмесінің тар қапасынан бостандыққа шықты. Ол Израиль сарбазына тас лақтырғаны үшін айыпталып, екі айға абақтыға жабылған болатын. Осы екі айдың ішінде оған, тіпті, ата-анасымен де жүздесіп, тілдесуге мүмкіндік бермеген. Осылайша, израилдіктер оның түрмедегі қарапайым құқығын табанға таптады. Ол ол ма, оның отбасына 6 мың шекел (шамамен 1,5 мың доллар) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Жақша ішінде айта кетейік, израилдік басқыншылардың езгісіндегі палестиналықтар үшін бұл сома «айға қол созумен» бірдей үлкен қаражат болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, масқара қылғанда израилдік полиция 2013 жылдың шілде айының 11-і күні Палестина жерінде тайраңдап жүрген еврей келімсектерінің бірінің автокөлігіне тас лақтырғаны үшін бес жастағы баланы да абақтыға жапқан болатын.