|
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
|
Сауд Арабиясының сауда-саттық министрлігінің таяудағы мағлұмдамасында коммерциялық ұйымдар мен мекемелерге аяқ асты боолуы мүмкін бір жолғы тауарларға, тауар қаптамаларына, т.б. Алланың көркем есімдерін басуға тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы The Islamic Information ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай киелі есімдер тауардың жапсырмасына, таңбаланған белгісіне назар аудармайтын тұтынушылар тарапынан тауарды пайдалану, жою, т.б. кезінде аяқ асты болуы мүмкін. Бұл қаулы өз кезегінде коммерциялық атаулар туралы қолданыстағы заңнаманы толықтыратын болады. Саудияның сауда атауларының ережелері тыйым салынған тізімдегі атауларды, соның ішінде мемлекеттік органдардың атауларын пайдалануға тыйым салады және «Saudi Arabia» немесе қала атауларын қамтитын атауларды тіркеудің арнайы ережелерін қамтиды. Бұдан былай компаниялар тауардың орамасы мен жарнамалық материалдарының осы ұсыныстарға сәйкес келуін қадағалауы тиіс.