Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің имамына шабуыл жасалды
Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің имамына шабуыл жасалды
10 жыл бұрын 3834

Жақында Мәдина қаласындағы «Мәсжид-үн-Нәби» мешітінің имамы Али Хузайфиге таң намазында шабуыл жасалды. Имам соған қарамастан намазын бұзбаған. Абырой болғанда қауіпсіздік қызметкерлері көмекке келген. Бұл жайында maturidi.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Мәдина қалалық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, имамға шабуыл жасаған адам 40 жастағы  Ғаним есімді азамат екен. Зерттеу барысында оның есінің дұрыс еместігі анықталған.   

 

Саудия королі Қағбаны жуу рәсімін өткізді (фото)

Сауд Арабиясының королі, қасиетті қос мешіттің қорғаушысы Салман бин Абдулазиз Қағбаны жуу рәсіміне қатысты. Саудия королін тақ мұрагері Мұхаммад бин наиф пен Мекке губернаторы Халид әл-Фейсал алып жүрді.

Қасиетті Қағбаны жуу рәсімі жыл сайын рамазан айының қарсаңында өткізіледі. Рәсім барысында Салман Қағба ішіне кіріп, дұға жасады. Сондай-ақ, Харам мешітін кеңейту жобасын қарап шықты.

0 пікір
Мұрағат