Кітапхананың баспасөз хатшысы Жиенетт Ламбелдің айтуынша, бұл – Европадағы Құран Кәрім қолжазбаларын зерттейтін Цюрих лабароториясы жүргізген «Корпус Куранисиум» атты ғылыми зерттеу жобасының ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш құндылық 606-652 жылдарда жазылған көрінеді.
Ол Мысыр астанасы Каирда өмір сүрген ғалымға мұраға қалған жәдігер екен. Германия Ұлттық кітапханасына XIX ғасырдың аяғында әкелінген.