Өзбектер туризмді дамыту үшін блогерлерді жалдайтын болады
Өзбектер туризмді дамыту үшін блогерлерді жалдайтын болады
5 жыл бұрын 3409 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұрын елдің атын өнер адамдары мен балуандар шығарушы еді. Бүгінгі таңда бұл миссияны блогерлер мойнына алатын болып жүр. Өзбекстан билігі де замануи трендті пайдаланып, блогерлер көмегіне жүгінбек. Турист тарту үшін. Осыған байланысты блогерлердің алдына республиканы әлемге таныту мақсаты мен міндеті қойылып отыр. Яғни, блогерлер әлеуметтік желі арқылы өзбектердің салт-дәстүрін, мәдениетін, сәулетін, көрікті және киелі орындарын, т.б. әлемге паш ететін болады. Тамыз айының 23-і күні Ташкент қаласында  World Influencers Congress инфлюенсерлерінің алғашқы халықаралық конгресі болып өтті. Ел туризмін насихаттау мақсатында өткен жиынға блогерлерден бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, саясаткерлер, дипломаттар қатысты. Бұл жайында «Өзбекстан жаңалықтары» ақпарат көзі хабарлады. Бұдан бөлек, таяуда Өзбекстан президенті Шабкат Мирзеев «Туризм саласын одан ары дамыту шаралары туралы» жарлыққы қол қойған болатын. Аталмыш жарлық аясында шетел асханасына ден қойған, яғни, өзге елдің ас мәзірін ұсынатын мейрамханаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржылай көмек көрсетілетін болады.

0 пікір
Мұрағат