|
Отыз жыл ұйықтамаған қарияға өкімет өтемақы берді
|
Саудия билігі елдегі дәрігерлер талай жылға созылған ұйқысыздық дертінен айықтыра алмаған қарияға өтемақы беруді жөн көрген екен. Жасы жетпістен асқан саудиялық қарттың көз ілмегеніне, міне, табаны күректей отыз жылға таяп қалған. Ол 20 күнге созылған әскери тапсырманы орындау кезінде осы жұмбақ дертке шалдыққан. Қаралмаған жері, бармаған тауы, баспаған тасы қалмаған ол жазылудан күдерін үзген. Тіпті, 4 елдің білдей білікті дәрігерлері бірігіп тексерген күннің өзінде оның дертіне дауа таба алмай пұшайман болған көрінеді. Бұл жайында Khaleej Times ақпарат көзі хабар таратты. Қария тұратын ауданның басшысы бұрынғы әскери қызметкердің басындағы жағдайға қаныққаннан кейін оған автокөлік кілтін табыс етті. Енді басқа не істей алады?
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)