Орта Азиядағы арабтар туралы не білеміз? (фото)
Орта Азиядағы арабтар туралы не білеміз? (фото)
5 жыл бұрын 6389 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орта Азияда халифалар тұсында келген арабтардың ұрпақтары әлі күнге бар. Арабтар Орта Азияға 7-17 ғасырлар аралығында лек-легімен келген болатын. Олардың Орта Азияға қоныс аударуы аттай он ғасырға созылды. Дін жаю жолында келген әрі бұл өңірге бақылау жүргізу үшін арабтардың әскери қосыны негізінен Бұһара мен Самаркан секілді аймақтағы ірі қалаларда тұрақтады. Жылнама деректерінен белгілі болғандай, араб сарбаздары 9-шы ғасырда жергілікті халықтың арасына сіңіп кеткен: яғни, парсы тілді тұрғындар тарапынан ассимиляцияға ұшыраған болатын. Бұған қоса, 15-ші ғасырда түркілену процесі қарқын алуына байланысты парсы тіліндегі байырғы халық та уақыт өте келе түркіленіп кетті. Десе де осы күнгі Түркіменстанның Мәруа ауданында және Ауғанстанның Балһ өлкесінде этникалық тұтастығы мен ұлттық бірегейлігін сақтап қалған арабтар бар. Кезінде тайпасымен қоныс аударған арабтардың ұрпақтары олар. Орта Азиядағы арабтардың дені қалаларда емес, ауылдық жерлерде тұрды. Яғни, көшпелі тірлік кешті. Осылайша, ассимиляцияға көп ұшырай қоймады. 19-шы ғасырға дейін. Салт-санасын бертінге дейін саф күйінде сақтап келді. Олар Ауғанстанның солтүстігінде, яғни, балһтық арабтар Әмудария бойымен 9-шы ғасырдан 19-шы ғасырға дейін емін-еркін көшіп-қонып жүрді. 16-шы ғасырда Жәнібек хан Ауғанстанның солтүстігін мекен еткен арабтарға Зерабшан жазығында (Самарқаннан осы күнгі Керменге дейінгі аралықты) қоныстануына рұқсат етті. Арабтардың соңғы легі Орта Азияға Ауғанстан мен Иран аумағы арқылы келді. Олар құлан жортпас құла түзге, яғни, Араб түбегін еске түсіретін субтропикалық оазистерді мекендеді. Олар қалалы және ауылды жерлерде жұбын жазбай өз алдына бір ауыл немесе қышлақта тұрды. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін араб тілінің ықпалы Орта Азияда күшті болды. Араб тілі тек дін түскен тіл ретінде емес, ғылым мен білімнің тілі болды. Бүгінде Орта Азиядағы арабтар шәйбанилықтар және санандықтар болып, екі субэтникалық топқа жіктелген. Бүгінде Орта Азиядағы арабтардың дені, әсіресе, жастар араб тілін мүлдем білмейді десе де болады. Өзбек немесе тәжік тілінде сөйлейді. Бүгінгі таңда Орта Азия аймағындағы арабтардың қарасы 10 мыңнан асып жығылады. Соның ішінде, арабтардың дені Тәжікстан аумағында көп шоғырланған - 4 мың (2010 жылғы санақ бойынша), ал Өзбекстандағы арабтар қарасы 3 млн-дай болады (1989 жылғы санақ қорытындысы). Сондай-ақ, Түркіменстанның Түркіменабад өңірінде де арабтар көп ұшырасады.

Среднеазиатские арабы: кто они?

Среднеазиатские арабы: кто они?

0 пікір
Мұрағат