Орта Азияда ежелгі каллиграфиялық өнер мектебі ашылады
Орта Азияда ежелгі каллиграфиялық өнер мектебі ашылады
4 жыл бұрын 2505 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиёев ел аумағында ежелгі каллиграфиялық мектепті ашу туралы ұсыныс жасады. Аталған мемлекет басшысы бұл ұсынысын Ислам өркениеті орталығы құрылысының барысымен танысу кезінде айтты. Бұл жайында islam.kz порталы «Газеты.uz» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде каллиграфия өнерінің отаны саналатын араб елдері мен Түркияны былай қойғанда, мұндай өнер ошағы Жапонияда да кездесетінін айта кету керек. Өзбек басшысы мұндай мектептің не үшін керек екеніне тоқтала кетті, оның айтуынша, бүгінде тілге деген қатынас тек қажеттілік деңгейіне қарай емес, танымдық құрал ретінде алға шыққандықтан өзгерген. Ел басшысының осы ұсынысына байланысты премьер-министр Абдолла Әріпов каллиграфия өнерін жандандыру үшін медреселер мен орта мектептерде, Бенков атындағы республикалық көркем колледжінде факултативтік курстер ашып, жыл сайын бұл тарапта конкурстар ұйымдастырып тұруды бастама етіп көтерді. Тарихы терең мұндай өнердің эстетикалық аспектісі шығыстанудың бір тармағына айналуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат