Орман-тоғай тұңғыш рет жекеменшік шаруашылыққа беріледі
Орман-тоғай тұңғыш рет жекеменшік шаруашылыққа беріледі
4 жыл бұрын 3553 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауыл шаруашылық жерінің қожайындарына жерінде орман өсіріп, оны коммерциялық мақсатта сатуға заңды рұқсат берілді. Мұндай қадам ауыл шаруашылыққа арналған жерде орман өсіріп, оны пайдалануға, қорғауға, сақтауға қатысты аталмыш ел үкіметі бекіткен № 1509 қаулысына орай жасалып отыр. Бұл жайында ресейлік «Коммерсант» ақпарат көзі мәлім етті. Негізі орман-дың мәртебесі туралы құжат 2013 жылғы РФ президенті Владимир Путиннің пәрменімен мақұлданып, қабылданған болатын. Бұған қоса, ресейлік экологтар да ел билігінен осындай қадамды талап етіп келеді. Жабайы ортаға аз залал келтіру үшін. Мұндай мақсатқа жарамды аумаққа Ресейдің шамамен 100 млн гектар жері келеді, яғни, Ресей аумағындағы орман-тоғайдың шамамен 10%-ын құрайды. Бұл арада мақсатына сай пайдаланылмай қалғандықтан орманға айналып кеткен ауыл шаруашылық жерлеріне қатысты сөз болып отыр. Десе де бұл жерлерде орман массиві болмауы тиіс еді құжат бойынша. Яғни, мұндай жерлерде орман өсіруге заңдық негіз жоқ болғандықтан орман шаруашылығын жүргізуге, оны өрттен, зиянкестерден, аурулардан, т.б. қорғайтын заңнамалық база жоқ болатын. Әдетте көрші елде тиісті мақсатта пайдаланылмаған жер қожайынына 700 мың рубл айыппұл салынып, артынан жерді тәркілейтін. Осыған байланысты жер қожайындары жерінде өсіп кеткен орман-тоғайды өртеп құтылатын. Алайда, оның арты бой бермейтін өртке айналып жататындықтан РФ билігі осындай қадамға барып отыр. Осылайша тұңғыш рет мемлекеттің орман шаруашылығындағы монополиясына тосқауыл қойылды. Десе де жекеменшікке берілген орман шаруашылығының ауқымы әзірге өнеркәсіптік деңгейге жете қойған жоқ.

0 пікір
Мұрағат