Өмірінде мұсылманды тұңғыш рет көрген шотландық исламды қабылдады
|

Өмірінде мұсылмандарды өз көзімен тұңғыш рет көрген Алан Руней есімді Шотландия азаматы тура жолға түсті. Оның тура жолға түсуіне белгілі бір жағдайдың себеп болғанын айта кету керек. Ол кезекті еңбек демалысында Түркияда болып, алғаш рет азанды естиді. Ол артынша қасиетті Құран сатып алып, оқуға кіріседі. Мұсылмандардың қасиетті кітабы оған ой салып, дүниетанымы өзгеріп, өмірлік ұстанымдарына басқа қырынан қарайды. «Мен мұның ақыры немен бітетінін, яғни, мұсылман болатынымды түсіндім», - деді ол ағынан ақтарылып. Ол қасиетті Құранды үш рет қайталап оқығанын жеткізді. Ақиқатқа көз жеткізу үшін. Түсінбегендеріне ой жүгірту үшін. Содан кейін тұп-тура бір жарым жылдан соң тілін кәлимаға келтіріп, исламды қабылдады. «Мен күніне бес уақыт намаз оқимын, Рамазан айында ораза ұстаймын. Мен тура жолға ешкімнің көмегінсіз өзім түстім және мен осы уақытқа дейін бірде-бір мұсылманды кездестірмеппін», - деді ол сөзінің соңында.




