Нұр-Мүбарак университеті талапкерлерді шақырады!
Нұр-Мүбарак университеті талапкерлерді шақырады!
7 жыл бұрын 35705

«Қазақстанның  үздік-20» ЖОО тобындағы білім ордасы! 

 Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетi–   исламтану, дінтану, жоғары білімді имамдар, араб және ағылшын тілі мамандарын даярлайтын еліміздегі бiрегей  оқу орны. Қазақстан мен Египет Араб Республикасы Үкіметтерінің келісімімен 17 жылдан бері жемісті қызмет етіп келе жатқан университетте екі елдің білікті доктор-профессорлары, ұстаз мамандары дәріс береді.  

Нұр-Мүбаракта білім алу ерекшелігі: Исламтану мамандығы бойынша алғашқы курстарда араб тілінен сабақ беріліп, жоғары курстарда дәрістер араб тілінде жүргізіледі. 

Құран Кәрім жаттаушы қари-хафиздерге ғылым докторларынан ижаза алуға мүмкіндігі бар!   

Білім мен ғылым: Түрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу, исламтану бойынша үздік түлектерге ЕАР-ғы Әл-Азһар университетінде білім алуға жолдама беріледі. 

Өндірістік тәжірибе:«Нұр-Мүбарак» мешітінде жұма уағыздарын айту, еліміздің мешіттері мен медреселері, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқармалар т.б. 

Жұмыспен қамту:Түлектерге жыл сайын ҚМДБ, мешіт-медреселер, діни орталықтар мен ғылыми-зерттеу орындары тарапынан алдын ала сұраныс береді.

Спорт және мәдениет: Республикалық және қалалық жарыстар, бәйгелер, дебаттарға қатысып, өзге ЖОО студенттері мен қоғам өміріне белсене араласу. 

Қайырымдылық іс-шара: Жастар комитеті мен «Қыз Жібек» клубының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар, жетімдер үйі, қарттар үйі .т.б. әлеуметтік орындарда қайырымдылық шаралар жасалады.  

 

БАКАЛАВРИАТ

  • «5В021500 - Исламтану»  (қазақ және орыс бөлімдері, ерлер және қыздар топтары, 4 жылдық, 3 жылдық (қысқартылған) ) 
  • «5В020600 – Дiнтану»  (күндізгі және сырттай бөлімдер)
  • «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi) 

    Магистратура

  • ·«6М020600- Дінтану»
  • «6М021500 - Исламтану»  

Докторантура

  • «6D020600 – Дiнтану»
  • ·«6D021500 - Исламтану»  

Магистратура,  докторантура бөлімдеріне құжат қабылдау 

3-31 шілде аралығында, ал қабылдау емтихандары 10-20 тамыз арасында. 

 

«5В021500-Исламтану», «5В020600-Дінтану», «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» мамандықтарына  түсуші талапкерлер:

1. Кешенді тестке құжат қабылдау 1-20 маусым аралығы (Орта мектепті бұрын бітірген және өзге де орта арнаулы, ЖОО түлектері үшін);

2. 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтиханға құжат қабылдау (Орта мектептің биылғы түлектері үшін);

3.  8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан;

4. 14-18 шілде аралығында  кешенді тестілеу (Орта мектепті бұрын бітірген және өзге де орта арнаулы, ЖОО түлектері үшін). Ал мектептің биылғы түлектері ҰБТ балымен қабылданады

 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ:

«5В021500-Исламтану», «5В020600 Дінтану», «5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарына түсу екі сатыдан тұрады:

1 блок «5В021500-Исламтану», «5В020600 Дінтану» мамандықтарына бірдей: Оқу сауаттылығы (оқу тілі) және Қазақстан тарихынан кешенді тестілеу;

2 блок: 

  • «5В021500-Исламтану»- Екі шығармашылық емтихан: кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу және Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.
  • «5В020600-Дінтану» - Екі шығармашылық емтихан: Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу және дін негіздері бойынша ауызша емтихан.

 

«5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» - Екі бейіндік емтихан: Ағылшын тілі және тарих. Бұл емтиханнан өткендер арнайы емтиханға жіберіледі. Арнайы емтихан: Педагогикалық жағдаятты шешу.

 

Медресе-колледж түлектері қысқартылған бағдарламамен оқытылуына орай: 1 блок: Қазақстан тарихы;

                         2 блок: Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан. 

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

 

  • Өтініш;
  • Жекекуәлік көшірмесі;
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • 3x4 мөлшердегі 8 фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;
  • 063 үлгідегі егілу туралы анықтама.

«Исламтану» мамандығына түсушілерден наркологиялық,психотерапиялық диспансерденанықтамажәне сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Ескерту: 086-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және медициналық тексеруден өткен мекеме мөрі сурет үстінде болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды!  

 

 

МАГИСТРАТУРА

  • ·«6М020600- Дінтану»
  • ·«6М021500 - Исламтану»  

(оқу мерзімі 2 жыл: мемл.грант және келісім-шарт негізінде)  

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • Өтініш;
  • Жекекуәлік көшірмесі;
  • Дипломның нотариалды көшірмесі;
  • 3x4 мөлшердегі 8 фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;
  • Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы, еңбек өтілін растайтын құжат (ең.өт. бар тұлғаларға);
  • Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болса);
  • Құжат көшірмелерін нақтылау үшін түпнұсқалары қажет (қайтарылады).

 

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы №73, «Академиялық қалашық» аялдамасы.

тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-43. Факс: 8 (727) 302-09-30.

Сайт:  www.nmu.kz.                                 

E-mail: priem-nmu@mail.ru. 

ЖАТАҚХАНА 

 

Алматы қаласында жоғары оқу орындары арасында жүргізілген арнайы тексеру нәтижесінде «Нұр-Мүбарак» жатақханасы «Ең үздік жатақхана» атағына иеленген. 

 Жатақханада асхана, оқу залдары, кітапхана, буфеті бар. Спорттық бөлмелер мен алаңдары барлық құралдармен жабдықталған. Қыздар үшін тігін үйренетін арнайы цех жұмыс істейді. Білім алып, қасиетті Құран жаттап, намаз оқулары үшін, уақытты тиімді пайдалануға барлық жағдай жасалған.

Жатақхана университет ауласында орналасқандықтан студенттерге уақыт пен қаржы үнемдеуде аса тиімді. 

«Нұр-Мүбарак» университеті білімді де білікті әрі салауатты азамат, маман тәрбиелеуде бүкіл мүмкіндіктерді жасауда! 

1 пікір
  • Ассалаумалейкум. Сұрағым бар еді.
    Бакалавр Нұр мубарәкта оқымастан мұғалімдік дипломмен магистратура ақылы форматына оқуға тапсыруға болама?
    1 жыл бұрын
Мұрағат