Нұх (р.а.) кемесі туралы тағы факті пайда болды... мұсылман елінен
|
Деректі фильмдер режиссері Джем Сертесен Түркия аумағындағы Доғыбаязит өлкесінде орын тепкен Агра тауынан Нұх пайғамбар (р.а.) кемесінің корпусы табылғанын жаһанға жария етті. Георадардың көмегімен бірнеше күн қатарынан тынбай жүргізілген табанды еңбек еш кетпей, тау жотасындағы кеме корпусының таспаға тартылып қалғанын жеткізді. Джем Сертесен тарихи тақарыптарды қозғап, Нұх пайғамбардың кемесін ширек ғасырға жуық уақыт бойы, дәлірегі, табаны күректей 23 жылын сарп етіп іздегенін жасырмады. Тіпті, зерттеу нәтижесі бойынша деректі фильм де түсіргенін айтып өтті сөз арасында. "Нұх кемесін Илхан Дұрыпынар тапты. Ара Гюлер - тарихи кеме қалдығын таспаға тартып алған алғашқы фотограф. 1985 жылы доктор Салық Байрақтуған бірінші болып ғылыми зерттеу жүргізген адам",- дей келе ол зерттеу мақсатында тиісті қазба жұмыстары жүргізілуі үшін арнайы баяндама әзірленіп жатқанын да жеткізді. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі хабар таратты.