Мысыр президентінің түйткілге айналған мәселені шешу үшін шариғаттан айналып өтуіне жол бермеді
Мысыр президентінің түйткілге айналған мәселені шешу үшін шариғаттан айналып өтуіне жол бермеді
8 жыл бұрын 4342 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Associated Press" ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Мысыр президенті Әбдіфаттаһ ас-Сисидің талақ айтып ажырасудан бас тарту туралы ұсынысын осы елдің діни қайраткерлері қолдамады. Нақтырақ айтқанда, мемлекет басшысының бұл бастамасына әлемге әйгілі "әл-Азһар" университетінің ғұламалары қарсы шықты. "Дін талаптарына сәйкес орындалатын талақ айтып ажырасу VII ғасырдан бері - пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) кезінен бері келе жатыр",- деп айтылған хабарламады. Сонымен қатар, мүфтият ел ішінде ажырасу көрсеткішінің жоғарылап кеткеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Түйткілге айналған бұл мәселені шешудің өзге жолдарын қарастыруды ұсынды. Айта кету керек, пирамидалар елінде үйленгендердің жартысы бес жыл толмай жатып, ажырасып тынады. Нақты статистикалық мәлімет бойынша ерлі-зайыптылардың 40 пайызы неке қидырған сәтінен бастап, бес жыл өтпей жатып, ажырасып жатыр. Мүфтият өкілдері осынау әлеуметтік мәселенің себептерін анықтап, онымен кұресу керектігін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат